«Горный Форум» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 01000, Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы, Ақжол к-сі, 24/2 үй, 2-қабат, №4 кабинет
Тел: +7 7172 696 836
11-ші тау-кен-геологиялық форум
МАЙНЕКС форумы Қазақстанда 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және ортаазиялық аймақтағы аса өкілетті салалық іс-шаралардың бірі болып табылады.
Форум алаңы Қазақстандағы және ортаазиялық аймақ елдеріндегі тау-кен-геологиялық салада негізгі үрдістерді, жобалар мен технологияларды таныстыру және талқылау үшін мүмкіндік береді.
Жыл сайын форумға министрліктерден, тау-кен өндіруші және геологиялық барлау компанияларынан, инвестициялық қорлар мен банктерден, сервистік компаниялардан және Қазақстанның жабдық өндірушілерінен, сондай-ақ, 20-дан астам таяу және алыс шетелдерден 400-ден астам басшылар қатысады. Форумды 40-тан астам БАҚ жариялауда.
Форум кен өндіру компанияларымен, биржалармен, жабдықтарды жеткізушілермен және шетелдік бизнес делегациялармен кездесулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Форумда Қазақстанның мемлекеттік билік органдарының жоғары лауазымды өкілдерімен, сондай-ақ, көрші Орталық Азия мемлекеттерінің ресми делегацияларымен пікірталастар өткізіледі.
ЖалғасыMining Goes Digital — Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі экономиканы цифрландыру, стратегиялық металдар мен минералдарға сұраныстың өсуі және барлауды және өндіруді басқарудан бастап, жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік реттеуге және ақпаратты ашуға дейін тау-кен саласының барлық аспектілерінде тиімділікті арттыру дәуірінде жер қойнауын пайдалануды дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылау үшін жаңа алаң.
«Mining Goes Digital» Қазақстанда алғаш рет тау-кен металлургиялық және тау-кен өндіруші кәсіпорындарды цифрландыру мысалдарын таныстыру және тау-кен саласында жасанды интеллект технологияларын, Спутниктік мониторинг, Үлкен деректерді, Интернет заттар мен Блокчейнді пайдаланудың жаңа мүмкіндіктерімен танысу үшін платформаны ұсына отырып өтеді.
Тау-кен металлургия саласы үшін сандық технологиялар мен шешімдер конкурсы «Mining Goes Digital» ТКМК кәсіпорындарын цифрландыру бойынша конференция шеңберінде өткізіледі. Қатысуға тау-кен саласы үшін сандық шешімдерді әзірлеген және енгізген тау-кен саласы кәсіпорындарының ІТ компаниялары, стартаптар және ІТ бөлімшелері шақырылады.
Қазақстанның тау-кен индустриясындағы әлеуметтік маңызды және экологиялық жобалардың бірінші конкурсы. Конкурс МАЙНЕКС Қазақстан тау-кен-геологиялық форумы аясында өткізіледі. Конкурсқа қатысуға Қазақстанның тау-кен индустриясында экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік даму саласында жобаларды енгізген тау-кен металлургия кәсіпорындары, жергілікті басқару органдары, жоғары оқу орындары мен шешім жеткізушілер шақырылады.
Форумды «Горный форум» ЖШС мемлекеттік қаражатсыз және жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялардың қолдауымен ұйымдастырады.
Сізге Қосымша ақпарат қажет пе? Онда бізге хабарласыңыз!
«Горный Форум» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 01000, Нұр-Сұлтан қ., Байқоңыр ауданы, Ақжол к-сі, 24/2 үй, 2-қабат, №4 кабинет
Тел: +7 7172 696 836