Соңғы он жылда шикізат тауарларының бағасы рекордтық жоғары және рекордтық төмен белгілерге жетті, тау-кен өндіруші компаниялар активтерді сатып алу және шоғырландыру бойынша ірі мәмілелерді жүзеге асырды, ал сандық революция бизнестің болмысын қайтымсыз өзгертті. Бизнестің ең тұрақты салаларының бірінде өзгерістер таңқаларлық тұрақтылыққа айналды.

Алайда, алдыңғы циклдарға қарағанда, тау-кен компаниялары қажетті сабақтарды меңгеріп алды. Жаңа жолдармен қозғала отырып, олар тез өзгеретін әлемде тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету үшін өзгерістер мәдениетін енгізу мақсатын қойып отыр.

Форум бизнестің өсу траекториясына шығу кезеңінде пайдаланылуы мүмкін стратегияларды таңдауда компаниялардың тәжірибесін таныстыру және талқылау үшін алаң ұсынады. Сондай-ақ, форумда саладағы жағдайды түбегейлі өзгертуге қабілетті болжамдар, үрдістер мен инновациялар ұсынылады.

Форумның жалпы тақырыптары мен мәселелері

  • Болашақ ресурстары. Серпінді үрдістерді болжау.
  • Қорларды ауыстыру. Сақтық және тәуекел арасындағы тепе-теңдік.
  • Кен өндіру өндірісі. Инновацияның жаңа шептеріне шығу.
  • Ресурстарды басқару. Өзекті мәселенің ұзақ мерзімді шешімдерін іздеу.
  • Өңдеу және байыту. Инновациялық шешімдер.
  • Болашақ жұмысы. Сандық дәуірдегі кадрлық әлеуетпен жұмыс істеу принциптерін қайта қарау.
  • Қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлау: үлкен аумақтардағы кен орындарын жедел іздеу және бағалау технологиялары мен әдістері. Жасырын кен денелерін іздеу технологиясы.
  • Тау-кен саласын цифрландыру. Өндірісті цифрландыру – тау-кен өнеркәсібінің өнімділігін арттырудың келесі кезеңі.
  • Инвесторлармен байланыс. Тау-кен саласындағы ұйым мен инвестициялық қоғамдастық арасында тиімді екі жақты коммуникациялық байланыс құру.
  • Жұртшылықпен байланыс. Тау-кен саласындағы ұйым мен жұртшылық арасында тиімді коммуникацияларды орнату және қолдау.
  • Мемлекеттік құрылымдармен қарым-қатынас. Тау-кен саласындағы бизнес пен биліктің өзара іс-қимылы.